Жабу

«Kazakh Global Voices» сайтына қош келдіңіз

Таиланд жастары неліктен наразылық білдіруде?

2020 ж. 18-шілде. Бангкоктағы Демократия Монументі алдында “Азат Жастар” тобы және Таиланд Студенттер одағының студенттері бастаған наразылық білдірушілер демократиялық реформалардың жүргізілуін талаg етуде. Сурет және түсініктеме Дарика Бамрунгчоктан / EngageMedia

COVID-19 пандемиясына байланысты қатаң ескертпелер қойылып, көпшіліктің жиналуына тыйым салынғанымен, таиландтық жас белсенділер бүкіл ел аумағын қамтыған жаппай наразылықтарды тоқтатпауда. Ел тарихында дәл осындай студенттердің демократиялық қозғалысы бірінші рет орын алып отыр, себебі Тайланд монархиясын ашық түрде сын астына алу бас бостандығынан айырумен [ағылш] жазаланады.

2020 жылдың ақпан айында оппозициялық партияны мәжбүрлі түрде таратып жіберу наразылықтардың бірінші толқының жалынын тұтатып, жастардың түрлі демократиялық қозғалыстарды бастауына себеп болды. Наурыздағы COVID-19 локдаунына қарамастан, Таиланд жастары интернетті басты қару ретінде қолданып, түрлі саяси сұрақтарды көтерді, протесттік онлайн-акциялар өткізді.

Наразылықтардың екінші екпіні ретінде Бангкоктағы Демократия Монументі алдындағы стундеттік шеруді есептесек болады. 2,000-астам қарсылық білдіруге келген жастар өздерінің үш талаптарының орындалуын: парламентті тарату, әскери конституцияны қайта жазу және билікке сын айтқандарды бопсалау мен негізсіз тұтқындауды тоқтатуды талап етті.

Сонымен қатар, наразылық білдірушілердің қойған маңызды шарттарының бірі – монархияны [ағылш] реформалау болды, алайда елде Лез-Мажесте заңы (монархқа қарсы қылмыс) қолданылғандықтан, бұл тақырып Таиландта талқыланбақ түгіл, адамдарды абақтыға жабумен аяқталатындығы жасырын емес.

Студенттер және өзге де жергілікті жас белсенділер бұл ойды құптайтындықтарын онлайн да, офлайн да әртүрлі креативті жолмен көрсетуде. Мысалы, наразылық білдірушілер өздерінің демократиялық талаптары және еш нәрседен тайынбайтындықтарының символы ретінде американдық танымал “Аштық ойындары” (The Hunger Games) [ағылш] сериалында кездесетін үш саусақты сәлемдесуді белгіледі.

Тамыздың 16 жұлдызында 20,000-астам адам қайтадан Демократия Монументі алдында жиналды. Бұл 2014 жылғы тай билігін әскерилер жаулап алғаннан кейінгі ел тарихындағы ең ірі наразылық акциясы болды.

Содан бері үкімет студенттер арасындағы ондаған наразылық жетекшілерін, әртістер және құқық қорғаушыларды қудалаумен болды, алайда жастар бастаған бұл қозғалыс жалпыұлттық қолдау тапты. Түрлі секторлардан жиналған демократияны қолдаушы адвокаттар митингтерге белсене ат салысты.

Бұдан бөлек, Тайвань және Гонконгтан да жағдайға немқұрайлы қарамайтын адамдар табылып, #MilkTeaAlliance альянсының барған сайын ықпалы артуда екендігін көрсетті. #MilkTeaAlliance – Қытай “тролльдарына” қарсы демократиялық қозғалыс болып табылады.

Әскерилер қарамағындағы Тайланд билігі жайлы толығырақ ақпарат алу үшін Global Voices-тің 2014-2017 жж. аралығындағы мақалаларымен танысыңыз.

Жағдайға теренірек үңілу үшін біздің EngageMedia серкітесіміз Тайландтаңы жағдайға байланысты түсініктеме жариялады.

Біздің тайландтық медиа-серіктестеріміз Prachatai [тай] және The Isaan Record [ағылш] үсынған репортаждарды жариялауды жалғастыра бермекпіз.

Пікірталасты бастау

Құрметті авторлар, кіру »

Нұсқаулық

  • Жазылған пікірлер модератормен тексеріледі. Пікіріңізді екі немесе одан да көп рет жіберудің қажеті жоқ, себебі бұл әрекетіңіз спам болып есептеледі.
  • Басқаларды құрметтеуді сұраймыз. Егер жазғаныңыз адамның жеке басына тіл тигізсе немесе дөрекі жазылса, сөздеріңіз жарияланбайды.