Латын Америкада әйелдер гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы қалай күресіп жатыр?

Әйелдердің Чилиде абортты жасауды заңдастыру үшін шеруі. Фото Бенджамин Рифонан алынған, рұқсатпен қолданылған.

25 шілде 2017. Әйелдердің Чилиде абортты жасауды заңдастыру үшін шеруі. Фото Бенджамин Рифоннан алынған, рұқсатпен қолданылған.

Эл-Сальвадорда 282. Мексикада 898. Ал Бразилияда 1206.

Бұл Латын Америкада 2018 жылы болған фемицидтің құрбандарының, яғни, өз жынысы үшін өмірі қиылған барлық [испан] әйелдердің бір бөлігі. Олардың саны кем дегенде 3529 [ағылш] еді.

Әлемдегі фемицид бойынша жоғарғы рейтингті алатын 25 мемлекеттердің ішіндегі 14-еуі [ағылш] Латын Америка мен Кариб теңізінде орналасқан.

Гендердік зорлық-зомбылық өзге қатігездік түрлеріне де әкеледі. Кейбір аудандарда коршаған ортаның ластануы әйелдерге кері әсерін тигізіп жатыр, ал өзге жерлерде абортқа қатысты қатайтылған заңдар әйелдердің жүктілікті тоқтатып, өміріне қауіпті түсік тастауына себепші болды. Жергілікті медиа фемицид пен тұрмыстық зомбы-зорлықты сенсацияға балайды. [испан]

Латын Америкадағы феминист өкілдері тиімсіз сот жүйесін, әлсіз саяси іс-әрекеттерді және әйел құқықтарына шек қоятын консервативтік діни орталарды сынға алып, наразылығын білдірді.

Жас қыздар, жергілікті әйелдер, трангендерлілер мен қара әйелдер көптеген зорлық-зомбылыққа ұшырайды, дегенмен болған оқиғалар көбінесе бас прессада толық ашылмады немесе мүлдем назар аударылмады. [испан]

Бірақ олардың ауыр жағдайына қоғам үнсіз қалмады – Латын Америка бас көтерген әйелдері мен ерлері арқылы әлемге танылды.

Олар шеруге шықды. Олар заңды өзгертуге тырысты. Олар кеңес берді. Олар Твиттерде жазды. Олар өнер жасады. Олар биі мен әні арқылы ел аузында жүрді.

Біз 8 мамырда гендерлік зорлық-зомбылық пен адамдардың оған қатысты ой-пікірлері туралы арнайы баяндама жасадық. Біздің басқа да мақалаларымызды испан, ағылшын, португаль және өзге тілдерде оқыңыздар.

Жаңа заңдар қабылданғанына қарамастан, Бразилия өрлеп келе жатқан фемицидтен әйелдерді қорғауға ат салысып жатыр [ағылш]

#NiñasNoMadres: Аргентина жас қыздардың еріксіз бала көтеруіне қарсы шығуда  [ағылш]

Венесуэлада саяси бөліну кезеңінде феминисттік қозғалыс күшеюде [ағылш]

Цифрлы активизм, суреттер және ереуілдер – Мексикада әйелдер қалай гендерлік зорлық-зомбылыққа наразылығын білдіруде [ағылш]

Чили қыздары “Біз енді қорықпаймыз” деп жариялады [ағылш]

“Бұл әйелдердің жаңа буыны үшін әйел мәселесі – мемлекет мәселесі, ” деп Чили феминисттік саяси партия қалаушысы интервьюда жауап береді [ағылш]

Аргентинада әйелдер #LegalAbortion2020 (заңды аборт) үшін күресті бастады [ағылш]

Фотоларда: #8М бүкіл Латын Америка мемлекеттерінде [ағылш]

Мексикалық президент Лопес Обрадордың анти-феминизмі [ағылш]

Гендерлік зорлық-зомбылық пен Тринидад пен Тобагодағы балаларға көрсетілетін қатыгездік арасындағы байланыс [ағылш]

Не себепті Перу үкіметі бұл әйелдің өліміне қатысты тергеуді 3 жылға созды?  [ағылш]