Таулы Қарабақ соғысы: лингвистикалық мәселе

Таулы Қарабақ тауларының суреті. Уикипедия, CC BY-SA 3.0 лицензия келісімі бойынша қолданылады

27 қыркүйекте Оңтүстік Кавказда орналасқан Әзірбайжан мен Армения қарулы қақтығыстарты қайтадан жалғасытырды. Өткен күндердің нәтижесінде екі жатқан да әскер мен бейбіт тұрғындар қаза тапты. Жанжалдың негізгі себебі — Таулы Қарабақ анклавтың басқару жөніндегі дау. Халықаралық құқық бойынша, осы аймақ Әзірбайжанның құрамына кіреді, бірақ 1994 жылдан бастап [орыс] аймақ мойындалмаған мемлекет боп, этникалық армяндар билігінің басқаруында.

Үш онжылдықтан астам уақыт бойы шешілмеген қақтығыстың орталығындағы таулы аймақты ғасырлар бойы христиан армяндары, шиит әзірбайжандары, сонымен қатар орыстар, күрдтер және гректер сияқты басқа этникалық топтар [орыс] мекендеген.

Әр түрлі тілдерді қолданатын халықтар мекендейтін басқа өлкелердей, Таулы Қарабақта түркі тілінде сөйлейтін әзірбайжандардың, үнді-еуропалық тілде сөйлейтін армяндардың географилық атаулары араласқан. Сонымен қатар, аумақ тарихының біршама бөлігі әртүрлі империялардың басқаруымен өтті. Олар бұл аймаққа парсы, түрік және орыс тілдердегі атауларын да қосты.

Мысалы, тілдердің көбісінде аймақтың атауы — Нагорно-Карабах. Бұл орыс, түрік және парсы сөздердің араласымы боп келеді. Қос сөздің алдынғы жартысы орыс тілінен таулы деген мағынаны білдіреді. Карабақ болса, ол түркі тілдеріндегі қара және түркі тілденрінің көбісінде кездесетін шығу тегісі парсы бақ сөздерінен пайда болған.

Әзірбайжан тілінде аумақтың жазылуы — «Qarabağ»

Армян тілінде осы аумақты білдіретін екі сөз бар. Біріншісінің Ղարաբաղ деп жазылып, «қарабақ» деп оқылады. Екіншісінің жазылуы — Արցախ, ал оқылуы — Арстах. Аумақты саяси және әскери тұрғыдан басқаратын мойындалмаған Таулы Қарабақ мемлекеті өз-өзін Арцах Республикасы деп атайды. Арцах Республикасын мойындаған [ағылш] жалғыз мемлекеттер — Приднестровье, Оңтүстік Осетия және Абхазия. Осыл елдердің ешқайсылы мойындалған елдер қатарына кірмейді. Армения Арстах республикасын ресми түрде мойындамаса да, Арцах билігіне саяси, экономикалық және әскери қолдау көрсетіп жатыр және қақтығыс одан әрі жамандаған жағдайда оны мойындайтынын мәлімдеді.

Қосалқы атаулардың болуы аумақтың астанасына да қатысты. Қала армян тілінде 1923 жылы армян коммунисттік партия қайраткері Степан Шаумянның құрметіне Степанакерт [орыс] деп аталған. Жазылуы — Ստեփանակերտ. Әзірбайжан тілінде бұл қала атауы Xankəndi деп жазылып, «хан ауылы» деген мағынаны білдіреді.

Пікірталасты бастау

Құрметті авторлар, кіру »

Нұсқаулық

  • Жазылған пікірлер модератормен тексеріледі. Пікіріңізді екі немесе одан да көп рет жіберудің қажеті жоқ, себебі бұл әрекетіңіз спам болып есептеледі.
  • Басқаларды құрметтеуді сұраймыз. Егер жазғаныңыз адамның жеке басына тіл тигізсе немесе дөрекі жазылса, сөздеріңіз жарияланбайды.