Жабу

«Kazakh Global Voices» сайтына қош келдіңіз

Жас кубалықтар фотосуреттердің көмегімен COVID-19 карантиннің сұлулығы мен өміршеңдігі суретке түсірілген

 

“Теңізге оралуы мені күш пен тыныштыққа толтырады”. (Фотосуреттің авторы Josué Corujo, автордың рұқсатымен қолданылған).

Бастапқыда бұл мақаланы Periodismo de Barrio шығарған және Global Voices өңдеген. Бұл тұпнұсқа мақалаға сілтеме [испан].

Куба наурыз айының соңында ішінара карантинді [испан] еңгізіп, 20 шілдеде [испан] шектеулерді жеңілдете бастады. Гаванада инфекциялардың жаңа толқынынан кейін тамызда ел халықаралық рейстерді қайтадан [ағылш] тоқтатып, жағажайлар, мейрамханалар мен барларды жабылды. Әзірге аралда қайтыс болғандар саны 91 [ағылш] адамды құрайды.

Сәуірдің оқшаулауы нағыз қызу кезінде болғанда, маусымның ортасында алғашқы оқшаулау кезінде elTOQUE [ағылш] және Periodismo de Barrio жаңалықтар бөлімі «After April» фотосуреттер бойынша онлайн-семинарды [испан] аралдағы өмірді шығармашылық құжаттау мақсатында іске қосты.

Жас кубалықтар бір айға жуық фотосуреттер саласында дағдылары және білімдерімен алмасты. Олар ұжымдық түрде оқып және сабақ беріп, бір мезгілде фотосуреттер және тәжірибелерімен бөліскен. Нәтижесінде әлеуметтік желілер және Telegram [испан] платформасындағы топпен арқылы шамамен 70 адамнан тұратын қауымдыстықты қалыптастырылды.

Семинарда ұсынылған фотосуреттер арасында портреттер, пейзаждар және ғимараттардың қасбеттері болды. Олар қатысушылардың естеліктеріне әсер етті.

Дегенмен, семинар ресми түрде аяқталғанымен, After April [испан] тобы Telegram-да әлі де белсенді. Қазіргі уақытта 570-ке жуық фотосуреттер түсіріліп, олардың 45-і байқауға ұсынылды. Соңғы таңдауға енгізілген 24 фотосуреттен 13-ін біз осы жерде жариялаймыз.

Жасөспірім киген бетпердеде “COVID” сөзі фирмалық белгі ретінде жазылған. (Фотосуреттің авторы Randy B., автордың рұқсатымен қолданылған).

COVID-19 дағдарысының ортасында мен осы періштелермен таныстым. Мүсіннің зақымдалуынан, ол көз жасын төгетін сияқты. (Фотосуреттің авторы Raimel Fernández, автордың рұқсатымен қолданылған).

Теңіз жағалауына оралу мені күш пен тыныштыққа толтырады. (Фотосуреттің авторы Josué Corujo, автордың рұқсатымен қолданылған).

“Карантин кезінде мен колибри құсты суретке түсіруге тырыстым. Табиғаттың адам дауларына қарамастан, өзінің ырғағын тоқтатпайтынынан қайран қаламын”. (Фотосуреттің авторы Randy B., автордың рұқсатымен қолданылған).

Бұл әйел осы шеберлікті бала кезінен үйреніп, оны әлі күнге дейін есінде сақтайды. (Фотосуреттің авторы Roger TM, автордың рұқсатымен қолданылған).

“Әжемді суретке түсіру менің жаныма жайлы. Осы айларда оның жанында болу – үлкен сыйлық”. (Фотосуреттің авторы Josué Corujo, автордың рұқсатымен қолданылған).

“Мен ауылға сапарларымды сағынғанмын, бірақ табиғат маған өзі келуге шешкен”. (Фотосуреттің авторы Gabriela Molina, автордың рұқсатымен қолданылған).

“Терезелерден әдемі көрінісі жоқ адамдар үшін карантин айлары қиын болған. Немесе бұл жай ғана біздің сенген нәрсе”. (Фотосуреттің авторы Amarilis Magaña, автордың рұқсатымен қолданылған).

“Әңгіме. Әрқашан күннің басы мен соңы”. (Фотосуреттің авторы Roger TM, автордың рұқсатымен қолданылған).

“Үйде құлыптаулы болу кейде түпсіз құдыққа қарап тұрғандай болған еді”. (Фотосуреттің авторы Gabriela Molina, автордың рұқсатымен қолданылған).

“Жапон бағында біз әрдайым сапарларды ұнататын достармен бірге болғанбыз”. (Фотосуреттің авторы Luisma del Valle, автордың рұқсатымен қолданылған).

“Мен үшін бұл жеке фотосурет, өйткені бұл менің қызымның аяқтары. Бұл сурет өмірдің қиындықтарына қарамастан, оны және мені әрдайым артта болуын көрсетеді”. (Фотосуреттің авторы Randy B., автордың рұқсатымен қолданылған).

“Күннің түрлі-түсті батуы, бірақ бояусыз”. (Фотосуреттің авторы Roger TM, автордың рұқсатымен қолданылған).

Пікірталасты бастау

Құрметті авторлар, кіру »

Нұсқаулық

  • Жазылған пікірлер модератормен тексеріледі. Пікіріңізді екі немесе одан да көп рет жіберудің қажеті жоқ, себебі бұл әрекетіңіз спам болып есептеледі.
  • Басқаларды құрметтеуді сұраймыз. Егер жазғаныңыз адамның жеке басына тіл тигізсе немесе дөрекі жазылса, сөздеріңіз жарияланбайды.