- Global Voices Қазақша қазақ - https://kk.globalvoices.org -

Жаңа әдеби журнал заманауи жапон көркем әдебиетін ағылшын тілді оқырмандарға қол жетімді етеді

Категориялар: Шығыс Азия, Жапония, Азаматтық журналистика, Жақсы жаңалықтар, Журналистика, Өнер мен Мәдениет, Тіл

monkey magazine covers

MONKEY журналы-сүйікті Monkey Business әдеби журналының мұрагері. Monkey сайтынан скриншот. [1] [ағылш]

Қазан айында Жапонияда «Monkey» атты жаңа ағылшын тілдегі әдеби журналы шығарылды. Әлемдегі ең танымал жазушылар мен аудармашылардың жұмыстарын қамтитын журнал, қазіргі жапондық заманауи көркем әдебиетін ағылшын аудармасында жариялайды.

Әдеби журналдың дебюттік шығарылымы [2] [ағылш] бұрынғы және заманауи жапон әдебиетінің көптеген шығармаларын аударып, осы мәселе жөнінде талқылауды жеңілдетеді. Олардың арасында «Келуші» атты Джон Классен (суретші), Люси Норт (жазушы) және Юко Огаваның (аудармашы) графикалық шығармасы мен Хироказу Кореданың [3] [ағылш] ескертпелері қосылған Наоя Шиган (автор) және Тед Гуссеннің (аудармашы) «Ұстара» атты әдеби шығармалары шықты.

Пол Остер [4] [жапон] және де басқа танымал жазушылармен бірге жапондық аудармашы Мотоюки Шибата [5] [ағылш] Monkey-нің негізін қалаған [6] [ағылш]. Monkey — әйгілі Monkey Business [7] [ағылш] әңгіме жинағының қайта өмірге келген түрі. Осы журналды Шибата бірнеше жыл бойы жапон әдебиесінде супер жұлдызы Харуки Муракамидың [8] [ағылш] танымал аудармашысы Тед Гуссенмен [9] бірге басқарды. Uniqlo дуэті жапондық киім сататын алпауыттың негізін қалаушы Тадаши Янайдың [10] [жапон] көмегімен журналды қайта тірілтті.

Жапон әдебиетінің жанкүйерлері үшін авторлар мен аудармашылардың құрамы қызықты, тіпті таңқаларлық болуы мүмкін, бірақ іске қосылмас бұрын Шибатадан Japan Times газетіне сұхбат берген Эрик Марголистің айтуынша [6],[ағылш] Monkey-дің мақсаты — талғампаз, бірақ қол жетімді болу:

At the risk of oversimplifying, the Japanese literary scene can be split between serious literary fiction — the type that goes up for the prestigious Akutagawa Prize — and popular literature — the type that goes up for the Naoki Prize. Shibata says that Monkey falls somewhere in the middle.

Тым қарапайым болу қаупі бар жапон әдеби сахнасын байыпты әдеби фантастиканы екіге бөлуге болады. Акутагавамен марапатталатын беделдісі және Наоки сыйлығыменмарапатталатын жалпысы. Шибата өз журналыны біршама ортасында орналасқаны туралы айтды.

Monkey [11] [ағылш] порталына жазылғандар Миеко Каваками “он үшінші ай” әңгімесінің аудармасын тегін PDF форматында жүктей алады:

Тамаша әдеби журналы “MONKEY New Writing from Japan” @monkeybizjapan [15] менің “он үшінші ай” әңгімемді ағылшын тілінде тегін сандық жүктеуге ұсынады. Ол бастапқыда “Monkey Business Volume 5″-де шықты

 https://t.co/blnXiXdhAD [13]

— 川上未映子 (@mieko_kawakami) Қазан 5, 2020 [16]

«»

Кавакамидің «Кеуде және Жұмыртқалар [17]» [ағылш] атты романы мен «”Өмір сүру нені білдіреді [18]?” іргелі сұрағының жан-жақты қаралуы”» [ағылш] атты баяндасы, Жапонияда да, бүкіл әлемде [19] [ағылш] де танымалдыққа ие болды. Осыдан басқа, Каваками Харуки Муракамидің сүйіп оқитын жазушысы [20] [ағылш] болып, ұзақ сұхбатты [21] (жапон тілінде) жариялады. Сонымен қатар, ол 2017 жылы Муракамидің “Командирді Өлтіру” романының сынына [22] [ағылш] назар аударды [19] [ағылш].

Каваками және басқалар сияқты алдыңғы қатарлы жазушылардың аудармаларының арқасында Monkey қызықты әдеби журнал болуға уәде береді. E-pub бірінші шығарылымының электронды, жүктелетін нұсқаларын [2] [ағылш] Monkey веб-сайтында әртүрлі форматта сатып алуға болады, ал баспа басылымы 2020 жылдың желтоқсанында сатылымға шығады.