- Global Voices Қазақша қазақ - https://kk.globalvoices.org -

Таулы Қарабақтағы соғыс қалай өршіп тұрса, пандемия да дәл солай өршіп тұр

Категориялар: Орта Азия мен Кавказ, Армения, Әзірбайжан, Азаматтық журналистика, Апаттар, Билік, Денсаулық, Соғыс пен Кақтығыс, Шұғыл жаңалықтар, COVID-19, How the Karabakh conflict is transforming regional politics

Әзірбайжан әскери күштері атқаннан кейін Степанакерттің орталығындағы ғимараттар, 2020 жылдың қазан айының ортасы. Сурет Авторы: Регис Гент. Авторр рұқсатымен қолданылады.

Ұрыс аймағында ешкім оқшаулана алмайды, ал Таулы Қарабақ соғыс аймағына айналды.

Осы жылдың қыркүйектің 27-ші жұлдызында Әзірбайжанның Оңтүстік Кавказтағы аумағын қайтарып алу әрекеті аясында қызу шайқастар басталды. Қазіргі уақытта болып жатқан соғыс — 1994 жылдан бергі ең ауыр қарулы қақтығыс. Тұрақсыз бітім нәтижесінде Таулы Қарабақ этникалық армян күштерінің бақылауында де-факто мемлекет ретінде қалдырылды. Таулы Қарабақты Армения мойындамаса да, Ереван оған кең әскери және экономикалық қолдау көрсетеді. Аймақ тұрғындарының көпшілігі —  Армения азаматтары.

Әзірбайжан Қарулы Күштері Степанакертті артиллериямен, дрондармен және, Human Rights Watch (HRW) соңғы есебіне сенсен, кассеталық бомбалармен [1] [ағылш] атқан. Бұл қалада бейбіт тұрғындардың құрбандары [2] [ағылш] туралы хабарлар да жеткілікті. 55000 адам қала тұрғындарының көпшілігі көрші Арменияға қашып кеткен. Қалғандары үшін бомба алаңдары мен жертөлелер пана болған. Сонымен қатар, қаланы электр тогымен қамті жүйесі бұзылған.

Осы уақытқа дейін Ресей ұсынған екі уақытша гуманитарлық екіжақты уақытша соғысты тоқтату жүзеге аспады. Қазіп Әзірбайжан Қарулы Күштері Таулы Қарабақтың оңтүстігінде Иран шекарасы бойында қарқынды жетістіктерге жетті. Бұл мақала жазылған кезінде Әзірбайжан сарбаздары Таулы Қарабах пен Армения арасындағы Лачин дәлізі [3] деп аталатын негізгі көлік артериясынан бірнеше шақырым жерде болды.

Қақтығыс жалғасса, Карабақ гуманитарлық дағдарыс [4] туралы басты сұрақ «бола ма?‎‎»‎ емес, «не арқылы оны болдырмаймыз?»‎ сұраққа айналды. Соғыс пандемияның көлеңкесінде жүріп жатыр. Осыдан басқа, халықаралық деңгейде мойындалмаған  қыс жақындаған сайын сыртқы қолдаумен байланыс жолдарынан ажырап қалады.

26 қыркүйекте, яғни, соғыс басталғанға дейін бір күн бұрын Таулы Қарабақтың Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы деректері [5] армяндық Hetq тергеу сайтында келтірілген. Онда аумақта аурудың 421 жағдайы тіркелгені айтылған. Сол аптада армяндық бұқаралық ақпарат құралдары Таулы Қарабақта бір күнде COVID-19-дың 12 жаңа жағдайы тіркелгенін хабарлады  [6][орыс]. Бұл қазірдің өзінде 140 000 адам тұратын аумақ үшін үлкен сандар.

Денсаулық сақтау органдары соғыс басталғаннан бері жаңа COVID-19 статистикасын жарияламаған.

«Global Voices»‎Таулы Қарабақтың Денсаулық сақтау министрлігімен байланысуға тырысты. Дегенмен, 22 қазанда Денсаулық сақтау министрін мінездерін атқаратын Арарат Оганжанян «Associated Press [7]» агенттігіне Қарабахтағы көптеген дәрігерлер мен медбикелер COVID-19-ды жұқтырғанын білетінін, бірақ бұны жарияламағаны туралы айтты. “Бізде Степанакерт қатты оқ жаудырған кезде жұқтырған адамдарды байқауға уақыт болмады, бұл инфекцияның таралуына мүмкіндік берді”, – деді Оганжанян, ол вирустың оң сынағына қарамастан жұмысын жалғастыруда.

Соғыс кезінде пандемиямен тиімді күресу мүмкін емес болуы мүмкін. EuroNews-тің 21-ші қазандағы есептемесіне сәйкес, Степанакерттегі кейбір COVID-19 пациенттері басқалармен бірге бомбалардан жасырынуға мәжбүр болды. Бұл жұқтыру қаупін арттырады.

«Алдын алу шараларына объективті және субъективті түрде ешкім жеткілікті назар аудара алмайды», – деп түсіндірді Қарабахтың адам құқықтары жөніндегі уәкілі Артак Бегларян.

Степанакерттен келген CivilNet армян интернет басылымының тілшісі Лика Закарян Global Voices-пен онлайн сөйлескен. Оның айтуынша, қазір COVID-19 ойлаған ешкім табылмайды, сондықтан әскери госпитальдарда жарақат алған көптеген адамдар жұқтырған болуы мүмкін.

Закарян оның айтуынша, Таулы Қарабах ауруханаларының көпшілігі, соның ішінде Степанакерттегі жалпы аурухана жұмыс істейді. Степанакерт республикалық жалпы аурухананың медициналық клиникасының директоры МГЕР Мусаелян Global Voices-пен телефон арқылы сөйлескен кезде COVID-19 инфекциясының кез-келген ауқымды мониторингі туралы білмейтінін растады. «Қазір біздің басты міндетіміз — жараланғандарға көмектесу», – деп түсіндірді доктор Мусаелян. Ол COVID-19 белгілері бар адамдарға қамқорлық жасау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын да атап өтті.

Алайда, кейбір медициналық инфрақұрылым объектілері оқ атудан зардап шекті. Мысалы, аумақтағы ең үлкен ауруханаларында өздерінің шағын генераторлары болуы мүмкін, бірақ Әзірбайжанның Степанакерттің негізгі электр станциясына шабуылы [8] 3 қазанда қаланы электр қуатынан айырды. Армян басшылығына сенсек [9], 14 қазанда Әзірбайжан күштері Мартакерт қаласындағы аурухананың бомбалады, бірақ бұл мәлемет әзірбайжандық өкілетті адамдармен расталмады.

Бұл соғыс Оңтүстік Кавказдағы COVID-19 жағдайларының күрт өсуімен қатар жүріп жатыр.

Алдымен Армения қатты зардап шекті. 22 қазанда мемлекеттік БАҚ COVID-19 тіркелгеннің бір күнде 2306-ға [9] өскенін хабарлады. Бұл — наурыз айында елде індет басталғаннан бергі ең нашар көрсеткіш. Әзірбайжаннан да жақсы жаңалық жоқ. 21 қазанда Баку бір күнде 825 жағдайын [9] тіркеп күнделікті рекордтық саны туралы хабарлады.

Инфекциялардың күрт өсуін ескере отырып, армян өкілеттілері  Денсаулық сақтау жүйесі қосымша сұранысты қанағаттана алатынына күмәндануда. Бұл талап өте маңызды, өйткені соғыс Таулы Қарабақтан мыңдаған армяндардың Оңтүстік Арменияға [9] қашып кетуіне әкелді. Бегларянның айтуынша, аумақ халқының 60 пайызға жуығы көшірілген.

«‎Егер жағдай одан әрі жалғаса берсе, біздің денсаулық сақтау жүйесі жақында құлдырауы мүмкін. Нәтижесінде, біз жақында ауыр жағдайларды ауруханаға жеткізе алмаймыз. Қазіргі уақытта біздің ауруханаларда 2000 пациент бар», – деп өткен баспасөз мәслихатында [9] 22-ші қазанда ескертті эпидемиолог Лусине Паронян. Армения Денсаулық сақтау министрлігінің ауруларды бақылау жөніндегі ұлттық орталығының жетекшісі Паронян медициналық қызметтер Әскери қызметкерлермен байланыс арқылы вирустың рекордқа жетпеуін қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп жатқанын айтты.

Біз жақын байланыста болған адамдарды оқшаулануға сұрау үшін COVID-19 диагнозы тіркелген барлық адамдарды қадағалаймыз. Бұл мәліметтер Армения Қорғаныс министрлігінің командасына вирустың алдыңғы қатарға түсуіне жол бермеу үшін беріледі.- Лусине Паронян, Арцах Денсаулық сақтау министрлігі

Паронян және оның әріптестері армяндарды қазіргі уақытта елдің екі соғыс жүргізіп жатқаны жөнінде және олардың ешқайсысы әлі жеңіске жетпегені туралы еске түсіруге шақырды.

Арменияның ауруларды бақылау және алдын алу жөніндегі ұлттық орталығының жоғары лауазымды қызметкерлердің айтуынша, соғыс басталғаннан бері 13 пайызға Арцахта COVID-19 саны күрт өсті. Адамдарды сергек болуға және қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз

Арменияның Денсаулық сақтау министрі Арсен Торосян  Армения мен Қарабахта COVID-19 өлімінің өсуінде Әзірбайжан басшылығын кінәлады:

Covid19 пандемия кезіндегі Әзірбайжан басшылығының әскери агрессиясы оның үркіту сипатын екі есе арттырады.

Халықаралық ұйымдар өздерінің қақтығыс тоқтату туралы үндеулерінде пандемияға жиі-жиі сілтеме жасайды.

«‎Армения жебмейді. Әзірбайжан да жеңбейді. Коронавирус жеңеді. Тоқтауымыз керек.» деді [25] 21 қазанда БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутеррес.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Ханс Клуге сәйкес, одан әрі қақтығыстар COVID-19 вирусының күрт таралуына тікелей ықпал етеді [25].

«COVID-ке соғыс әсер етеді деп ойламаймын. Мне оны білемін» деп қорытындылады Адам құқықтары жөніндегі омбудсмен Бегларян. «Қақтығыс covid-19 жағдайына теріс әсер еткені байқалады. Бізде денсаулық сақтау жүйесінің жүктелуіне байланысты нақты сандар жоқ. Денсаулық сақтау жүйесі науқастарды бұрынғыдай дұрыс тексермейді немесе емдемейді, сондықтан бізде жалпы статистика жоқ. Дәрігерлермен және денсаулық сақтау министрімен әңгімелеріме сүйене отырып, жағдайлардың саны бірнеше есе артқаны анық. Екі немесе үш рет, мүмкін он немесе он бес. Ол белсенді түрде кеңеюде.»

Әңгімеміз аяғына жетпей үзілді.

— Бомбылау басталды, — деп Бегларян телефонды ілді.