Жабу

«Kazakh Global Voices» сайтына қош келдіңіз

Венесуэланың мұнай танкері батып, теңіз экожүйелері мен олардың тіршілік ету құралдарына қауіп төндірді

FSO Nabarima (қалқымалы сақтау және түсіру қондырғысы) скриншоты, Пария шығанағында үлкен мұнай төгілуі және пайда болу қаупі бар кеме, Тринидад пен Тобагода орналасқан, осы жағдай туралы назар аудартқан үкіметтік емес ұйымдағы теңіз балықшылары мен табиғат қорғаушылары [ағылш] жүктеген бейнеден алынған.

Бұл мақала бастапқыда Cari-Bois News [ағылш] басылымында жарияланған. Өңделген нұсқа автордың рұқсатымен осында қайта шығарылды. 

FSO Nabarima, шамамен 1,3 миллион баррель шикі мұнайдан тұратын үлкен мұнай танкері, суға көтеріліп, Пария шығанағындағы [ағылш] Венесуэла жағалауының алыс бөлігінде бір жағына қисайды [ағылш].

Венесуэланың солтүстік-шығыс жағалауынан, шамамен, 11 шақырым қашықтықта орналасқан аралдағы Тринидад пен Тобаго мемелекеті өздерінің шекарасында емес жерде болып жатқан мәселе шешу жолдарын табуға тырысып жатқандықтан, Пария шығанағында осындай көлемдегі мұнай төгілуінің ықтимал экологиялық әсері туралы мәселелер туындайды. Апаттың балық аулаушылық үшін де маңызды мангролық бұталармен шектесетін экологиялық сезімтал аймақ болғандықтан, мұнайдың төгілуінің қоршаған орта үшін жағымсыз әсері көп.

The Cropper қоры [ағылш] мен оның серіктестерінің бастамасымен құрылған Cari-Bois экологиялық жаңалықтар желісі [ағылш] Тринидад пен Тобагода орналасқан Speseas [ағылш] коммерциялық емес ұйымынан қоршаған орта бойынша ғалымдар мен сарапшылар тобынан осындай мұнайдың көп төгілуі жағдайында қоршаған ортаға қандай әсер етуі мүмкін екенін анықтауды сұрады.

Тәуекелге ұшырампаз экожүйелер

FSO Nabarima позициясын назарға ала отырып, әрі SepSeas-тің шығанақтағы жалпы айналым схемасын жақсы білуінен Пария тұбегі үлкен қауіп-қатерге ұшырайтынын болжайды.

Пария шығанағында орналасқан экожүйелерге мангралық ормандар, жағалаудағы көлдер, эстуарийлер, жағажайлар/құмды жағалаулар, жартасты жағалаулар, ашық мұхиттың экожүйелері және олармен байланысты био-әртүрлілік кіреді. Мұнайдың ықтимал төгілуінің траекториясына байланысты барлық осы экожүйелерге де қауіп төнеді.

Жабайы табиғаттың тіршілігіне төнетін қауіптер

Пария шығанағы құстар, киттер, дельфиндер, тасбақалар және басқа да теңіз фаунасын қоса алғанда, мегафауна үшін маңызды қоныс аударатын жолдар мен тіршілік ету орындарын, сондай-ақ асшаяндар (креветкалар) мен балықтар сияқты коммерциялық маңызды түрлерінің өсіп-өнуін қамтамасыз етеді. Олардың барлығына бұл жағымсыз жайт әсер етуі мүмкін.

Мұнай әдетте су бетінде қалқып жүретіндіктен, тыныс алу үшін су бетіне шығуы қажеттілігі бар теңіз бетінде немесе жағалау бойында орналасқан жануарлар, нақты айтқанда, балық, омыртқасыздардың дернәсілдері, сүтқоректілер мен тасбақалар зардап шегеді.

Мұнайдың төгілуі теңіз құстарына да әдетте зиян келтіреді. Май құстардың қауырсындары мен басқа жануарлардың терісіне жағылып, оларды тұншықтырады, еркін тыныс алуға кедергі жасайды және тері мен көздің тітіркенуіне себепші болады. Мұнайдың төгілуі теңіз ағзаларының тамақ табу, жыртқыштардан аулақ болу, тыныс алу және көбею қабілетін нашарлатады. Азық-түлік тізбегіндегі улы химикаттардың тұрақтылығына байланысты теңіздегі жануарларының келесі ұрпақтарының да өмір деңгейінің төмендеуі байқалуы ықтимал.

Егер мұнай құрлықпен жанасса, ол жағалаудағы  мангролық ормандарға, таяз су рифтеріне  жағажайлар мен таяз жерлерге.әсер етуі мүмкін

Мұнай қалдықтарынан бұл жерлерді тазарту өте қиын. Осы мекендейтін жерлермен тығыз байланысты кез-келген фауна да жағымсыз әсерге ұшырайды.

Мұндай әсердің дәрежесі бірқатар факторларға, соның ішінде төгілген мұнайдың сипаттамалары мен көлеміне, желдің күші мен бағытына, судың қозғалысына, айналымы мен тазартуға реакциясына байланысты.

Балық аулаушылыққа да қауіп төніп тұр

Пария шығанағы – Тринидад пен Тобагода асшаяндары мен  жүзбеқанаттарды (плавник) аулаушылардың маңызды орыны. Мұнда мемлекетегі балық шаруашылығының 50 пайыздан астамы орналасқан.

Теңіз балықшылығының көптеген ауылдық жағалау қауымдастықтарының тұрғындары үшін маңызды экономикалық және әлеуметтік маңызы бар. Олардың өмір сүру деңгейі толығымен немесе жартылай балық аулауға байланысты. Сондықтан Пария шығанағындағы кез-келген мұнай төгілу экомикаға ауыр соққы әкелуі мүмкін.

Сонымен қатар, балық аулау азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, кедейлікті азайтуға, капитад ағындарын тартуға, мәдениетті, демалыс пен туризмді дамытуға ықпал етеді. Тринидад пен Тобагодағы балық ресурстарының көпшілігі жағалауға жақын орналасқан және оларға көптеген ұсақ балықшылар қол жеткізе алады.

Қоғамға да бұл жағдай әсер етуі мүмкін

Мұнайдың төгілуі балық аулау қауымдастықтарына көптеген жолдармен тікелей әсер етуі мүмкін. Су бетіндегі мұнай, мысалы, балықшылар үшін кемелер мен жабдықтарды тазарту үшін қосымша шығындар жасайды. Бұл шығындарды төлей алмағандар өз жабдықтарын қорғау үшін балық аулаудан бас тартуы мүмкін, бұл кірістің айтарлықтай жоғалуына әкеледі. Сондай-ақ, балық сатылымы мұнай төгілгеннен кейін айтарлықтай уақыт аралығында тұтынушылардың балықты асқа тұтынуға қауіпсіз екендігі туралы алаңдаушылығына байланысты төмендейді. Бұл Шығанақтағы мұнайдың алдыңғы төгілуіне [ағылш] жауап ретінде болды.

Аймақтағы ббалықтардың немесе басқа да су жануарларының кенеттен және күтпеген жерден қырылуы алаңдаушылық тудырады. Егер бұл орын алса, SpeSeas-тің айтуынша, бұл табиғи айналым аз болатын ішкі жерлерде орын алуы мүмкін. Ішкі аудандардың көпшілігі аз қозғалатын дернәсілдерге арналған жөндіктер өсетін жер ретінде қызмет етеді.

Мұнайдың төгілуінен болған экологиялық апатты жеңілдету салдары

Тринидад пен Тобагода мұнай төгілуіне арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары бар (2013 ж.) [ағылш], онда адам денсаулығына да, маржан рифтері мен мангр тоғайы сияқты маңызды теңіз экожүйелеріне де басымдықпен назар аударылады. Сондай-ақ, 1989 жылы әзірленген Тринидад, Тобаго мен Венесуэла арасында мұнай төгілген жағдайда екі жақты іс-шараШ жоспары бар. Ол кез-келген мұнайдың төгілуіне назар аударады және оның зардабының мөлшерін азайтуына әкеледі

Ашық судағы мұнайдың төгілуіне әрекет ету стратегиялары әдетте шектеу [орыс], майсыздандыру [ағылш], сақтау, бөлу [ағылш] және өртеуді [ағылш] қамтиды.

Алайда, кез-келген төгілген майды тазарту әдістерін мұқият бағалау керек, өйткені бұл процестер кейде, әсіресе жағалаудағы жерлердің тіршілігі зардап шегуі мүмкін. Майланған табиғатты қалпына келтіруге мүмкін. Тазалаудың басқа жолдаларына ластанған жағажай құмын ауыстыру және мангр ормандары, батпақтар мен теңіз балдырларын ауыстырып қайта отырғызу кіреді.

“Өлі ластанған теңіз?”

Жергілікті және халықаралық есептемелерде [ағылш] FSO Nabarima су тасқынынан Пария шығанағына мұнайдың төгілуі бұл ауданды “өлі, ластанған теңізге” айналуы қаупі айтылады.

Пікірталасты бастау

Құрметті авторлар, кіру »

Нұсқаулық

  • Жазылған пікірлер модератормен тексеріледі. Пікіріңізді екі немесе одан да көп рет жіберудің қажеті жоқ, себебі бұл әрекетіңіз спам болып есептеледі.
  • Басқаларды құрметтеуді сұраймыз. Егер жазғаныңыз адамның жеке басына тіл тигізсе немесе дөрекі жазылса, сөздеріңіз жарияланбайды.