- Global Voices Қазақша қазақ - https://kk.globalvoices.org -

Аймара тіліндегі Global Voices цифрлық қауіпсіздік ресурстарын қолжетімді етеді

Категориялар: Азаматтық журналистика, Жергілікті халық мәселелері, Rising Voices

Apthapi Digital жобасы аясында аймара тіліндегі Global Voices  [1][айм], аймара тілінде цифрлық қауіпсіздік туралы мәліметтер базасын құру үшін Internews [2]-тен [ағылш] қаржылық қолдау алады. Аpthapi термині анд мәдениеттеріндегі отбасы дәстүрлі агуайо  [3][ағылш] жиналған өз егінінің бір бөлігімен қоғамның басқа мүшелерімен бөлісетіндігін дәстүрлі тәжірибиені білдіреді [аудармашының ескертпесі: агуайо — мата]. Артықшылықтармен алмасу рухына сүйене отырып, осы жоба аясында білім алмасу, әдетте, сандық қауіпсіздік туралы қажетті ақпаратқа қол жеткізе алмайтын жаңа аудиторияны тартуға бағытталған.

Боливия, Перу және Чилиді қосқанда, аймара тілінде Анд тауларында  [4][орыс] 2 миллионнан астам адам сөйлейді..

Қазан айынан бастап, аймара тілінде жазатын GV тобының екі мүшесі, сайт басшысы Виктория Тинта  [5][айм] және аудармашы Элиас Куиспе Чура  [6][айм], мобильді қауіпсіздік негіздеріне, қорғаныс дәрежесі жоғары парольдерге, зиянды бағдарламалық жасақтама мен фишингке қарсы сақтық шараларына, интернет-сайттарды қараудың сенімді тәсілдеріне, сондай-ақ жеке деректерді қорғау қажеттілігі мәселелеріне арналған бес мақаланы аударды. Бұл материалдар аймара тіліндегі GV бетінде орналастырды. Мақалаларға жергілікті суретші және Phuyu жобасының  [7][айм] негізін қалаушы Никаэла Леон жасаған суреттерді қосылды. Хакобо Наера [8][испан], GV-тың испан тілінде қатысушысы, авторларға цифрлық қауіпсіздік саласындағы бай тәжірибесі бар кеңес берді. Rising Voices жобаның материалдық-техникалық жағын келісуге көмектесіпті.

Жаңа ресурстарды нөлден дамытудың орнына, жоба жұмысын қазіргі жұмыс істейтін екі аймақтық ұйыммен үйлестірген. Código Sur  [9][испан], ол Milpa Digital  [10][испан] жобасының аясында испан тілінде қолжетімді цифрлық қауіпсіздік саласындағы ресурстарды жасайды және эквадорлық Huaira  [11][ағылш] Shigra Digital  [12][испан] көмегімен жоғарыда аталған ресурстарды кечуа тіліне  [13][орыс] бейімдеп, аударған. Бұл жаңа жоба Creative Commons  [14][орыс] лицензиясы бойынша жоғарыда аталған ресурстарды пайдаланатын болатын.

Боливия, Перу және Чилидегі аймара тілінде сөйлейтін адамдардың көпшілігі оқи да, жаза да алмайды, сондықтан жаңа ресурстарды қолжетімді ету өте маңызды. Аударма аяқталғаннан кейін, Кочабамба  [15][орыс] радиотарату ұйымында орналасқан CEPRA [16]-мен [испан] бірлесіп аймара тіліндегі қысқа аудио нұсқаларды бұл мақсатты аудиторияға бейімделді.

Көптеген идеялар алдыңғы GV жобасынан  [17][ағылш] алынған және оның мақсаты — аудармалар үшін ақпаратты аудио файлдарға жазу, себебі бұл топ аймара тілінде сөйлейтін, интернетке тұрақты қол жеткізе алмайтын, бірақ ақпаратты негізінен ауызша алатын және тарататын адамдарға көмектескісі келеді.

Ресурстар дайын болған кезде, бұл топ Боливия, Перу және Чилидегі аймара тілді ұйымдармен байланыс орнатады. Осылайша олар өз кезегінде өзінің арналары мен басқа да қатысушылары арқылы деректерді таратады. Аймара тілінде ақпарат тарататын жергілікті радиостанцияларға ерекше назар аударылатын болады.

[Жобамен GV сайтында аймара тілінде танысуға болады. [18]