- Global Voices Қазақша қазақ - https://kk.globalvoices.org -

Битбокспен айналысатын Жапониялық буддистік монах «азап деңге”» мақсатында музыка жазады

Категориялар: Шығыс Азия, Жапония, Азаматтық журналистика, Дін, Жастар, Журналистика, Музыка

Japan's Beatboxing Monk

Ёгецу Акасака. Оның ресми YouTube арнасынан  [1][жапон] скриншот.

«Мазасыздық пен қайғы-қасіретті азайту үшін музыка шығаратын» жапон монахы миллиондаған тыңдаушылардың сүйіспеншілігін жаулап алуда. Ёгецу Акасака  [2][жапон], 37 жастағы дзен-буддистік монах лупинг жабдықтарын  [3][ағылш] қолдана отырып, битбокс [4] [ағылш] және буддистік әндерді бір-біріне біріктіріп, әуендерін үйлестіріп, YouTube-ке видеоларды жүктейді. Оның ең танымал “Жүректің Сутра лупинг-ремикс тікелей эфир [5]” [жапон] видеосы қазіргі уақытта 2 миллион қаралым жинаған.

Акасака жасаған “Жүректің Сутра [6]” [ағылш] (般若心経) видеосы қазіргі заманғы тарихи тұрғыдан  [7][ағылш] ең танымал және кең таралған сутралардың бірі. Монах 2020 жылдың мамыр айында YouTube кеңістігінде үлкен танымалдыққа  [8][ағылш] ие болды. Ол өзінің YouTube каналында  [2][жапон] битбокс биттерді мен луптарды әртүрлі дәстүрлі буддистік сутраларын  [9][ағылш] немесе жазбалар әндерінің әуендерімен біріктіреді. Акасакидің айтуынша, мақсаты — азапты  [10][ағылш] азайту.

Мен ‘мазасыздықты азайту үшін музыка жасаймын.

Мен азапты азайту үшін ән айтамын.

 

Барлығы бақытты болсын.

Монах болмас бұрын  [17][ағылш], Акасака шетелде тұрып, көше музыканты болған. 2009 жылы Акасака битбоксты вокалды партиялармен үйлестіре бастады және содан бері репертуарына буддистік әндерді қосты.

Қазір Акасака Токиода тұрады және 2015 жылы дзен-буддистік монахқа айналды. Ол қазіргі уақытта Ивате ауылдық префектурасында ғибадатхананы басқаратын әкесінің жолымен жүрді.

Акасака Vice сұхбатында айтқанындай  [18][ағылш]:

Usually in Japan, people become monks because their family lives in a temple. But for my father, he was just a normal person who decided to become a monk. […] I was inspired, and decided I wanted to succeed in my father’s current role as an abbot in a temple in the Iwate Prefecture.

Әдетте Жапонияда отбасылары ғибадатханада тұрады адамдар монах болады. Әкем болса, монах болғысы келген қарапайым адам еді. [ … ] Бұл маған қатты әсер етті және мен әкемнің мұрагері болғым келеді, яғни, Иват префектурасының ғибадатханасының басшысы лауазымын мұралыққа алғым келеді деп шештім.

Акасака өзінің “Жүректің Сутра” нұсқасымен кеңінен танымал болғанға дейін, оның музыкасы Жапонияда елдің назарына түсе бастады. Оның нұсқасы 2019 жылы Techno Hosho  [19][жапон] концертте пайда болды  [20][жапон]. Бұл концерт— буддистік рәсімдерді, техно-музыканы және проекциялық шоуларды біріктіретін жыл сайынғы ірі «Тёкаиги» [21][ағылш] фестивалінің бөлігі.

Акасака буддизм мен заманауи музыканы үйлестіріп ән салатын жалғыз орындаушы емес. 2018 жылы Techno Hosho концертте, Гья [22][ағылш] атты орындаушы техно мен транс музыканы буддистік әндермен біріктіреді:

Пайдаланушы Techno Hosho концертте өтетін проекциялық шоудың видеосын жариялады.

 Композициясы: «Санбуцу» («Буддаға мақтау [32]») [жапон]

Ёгецу Акасакидің “Жүректің Сутра лупинг-ремикс тікелей эфир [5]” [жапон] танымал композициясын және тағы басқа әндерін YouTube-та табуға болады.

 

Ёгецу Акасакада Twitter аккаунт  [33][жапон] бар және оның музыкасын YouTube  [2][жапон], Spotify  [34][ағылш] және басқа да онлайн қызметтерден  [35][ағылш] табуға болады.