
Микулаш Галанданың (қоғам игілігінде) ‘Ана мен бала‘ туындысы Paint.NET және Canva бағдарламалары арқылы өңделген.
Мен үш жасар ұлыма өз ана тілімде тако жақсы көретін айдаһарлар туралы ұйқы алдында ертегі оқып отырғанмын.
Кітап парақтарын ақтара отырып, «айдаһар» сөзін қайта-қайта айтып жатқанымды аңғардым.
Өз аймағымның екпін ырғағына тән «а» дыбысының ерекше созылыңқы айтатыныма назарым ауа береді.
Ол дыбысты айтқанда тілімнің ұшы төменгі тістеріме тиетінін байқадым.
Өсіп-өнген өлкемнің осы бір дыбыстық ерекшелігі даусымнан әлі өшпей, сақталып қалғанына таңдандым — ал басқа ырғақ белгілері баяғыда-ақ жойылған не жұмсарған еді.
Сәбиім менің айтылым ерекшеліктерімді өзіне сіңіріп алар ма екен деп ойлаймын, себебі мен баламның анасымын және біз ағылшын тілі кең тарамаған елде тұрамыз, сондай-ақ мен баламның өміріндегі ағылшынша сөйлейтін басты адамымын.
Бала күнімдегі жергілікті жергілікті диалектінің сөз қорын ойша парақтап, неміс, поляк, скандинавия және өзге де иммиграция тарихынан қалыптасқан ерекшеліктерді есіме түсіремін. Ұлымның есінде мен ғана айтатын бірнеше сөз бен тіркестер ғана тиеді-ау, деген ой келеді.
Мысалы, баламның су ішетін құрылғыны «bubbler» десе немесе «келші» деген бұйрық соңына «once» дегенді қосып жұмсартқанын, не көшеде біреуге соқтығысып қалғанда, «ope, sorry!» деп айта қалса ше деп елестетемін.
Ұлым ол өңірде ешқашан тұрмаса да, бұл идеяның жүзеге асуын елестетіп, жүзіме күлкі ұялатады.
Кейде ұлымды менің туған елімнің кез-келген аймағында өмір сүре ме, жоқ па, соны ойлап кетемін.
Бірақ шын мәнінде, мен өзім оны қалаймын ба деп те өзіме сұрақ қоямын.
Ұлым ешқашан ағылшын тіліне мендей ғашық болмай ма екен деген уайымым да жоқ емес, немесе жұма күнгі балық қуыру кештеріндей (Friday fish fry) ортақ мерекені бастан кешпей ме екен деген ой да мазалайтыны өтірік емес. Дұрыс дайындалған таконың дәмін бағалай ала ма екен? Ал мектептен соң еден жуу арқылы ақша тауып көру дегенді түсінбей кетер ме екен?
Мүмкін ол да мен секілдіөзге елге кеткісі келетін шығар деп те алаңдаймын.
Сосын өзімді іштей тыйып тастаймын: англоцентризмге бағытталған тар өрісті, артықшылықты ойлармен мен тако туралы қандай да бір мәдени беделге ие сияқтанып жүргенім не осы?
Сол сәтте, ұлымның өз тілімен өз жолын табатынына сенімім молая түседі, баламның өз жолымен жүруіне, таконың дәмін өз бетінше татып көруіне, өз еденін жуу арқылы өмір сабақтарын алуына талай мүмкіндіктердің болатынына сенімім арта түседі.
Менің өзім де алыстағы өмірге аттанған сапарымды ұнатқанымды есіме жымия түсіремін.
Ұлымның жақсы адам болып өсетініне үмітім зор.
Туғаннан-ақ екі тілде еркін сөйлеп, қос елдің азаматтығына ие болғаны үшін іштей қызыға қараймын.
Мен ұлымды қаншалықты жақсы көретінімдігін сөзбен жеткізе алмай тамағыма өксік кептелді.
Ұлым ертегі ішіндегі түрлі дәмдердің қаншалықты дәмді немесе ащы екендігі туралы сұрағанда, бәріне шынайы жауап беруге тырысамын.
Осылайша кітап беттерін жауып, ұйқыға дайындыққа кірісіп кеттік.