
Суретті Oiwan Lam Canva Pro арқылы жасаған.
2025 жылдың қаңтарында қолданысқа енгізілген DeepSeek R1 атты Қытайдың генеративті жасанды интеллектісі (ЖИ) жасанды интеллектіні дамыту, шығындардың тиімділігі және жаһандық бәсекелестікке қатысты қалыптасқан түсініктерге сын-қатер төндірді. Кейбір сарапшылар тіпті бұл қадам жасанды интеллектіні дамытудағы мүмкіндіктерді теңестірді деп бағалады. Алайда Қытай Коммунистік партиясы (ҚКП) DeepSeek-ті шетелде ілгерілетіп, озық ЖИ технологиясын Ғаламдық Оңтүстікке қолжетімді еткен сайын, оның астарында жасырын қауіптер мен адам құқықтарына қатысты салдарлар бар деп санайды.
Бұған дейін сарапшылар озық жасанды интеллект саласындағы жаңашылдықтар ең бай мемлекеттерде ғана жүзеге асады деп есептеген, себебі оған қуатты корпорациялар ғана көтере алатын орасан зор аппараттық шығындар қажет болатын. Тіпті OpenAI негізін қалаушы Сэм Альтман 2023 жылы Үндістанға сапары барысында, жасанды интеллектінің іргелі жүйелерін 10 миллион АҚШ доллары көлеміндегі бюджетпен оқыту – нәтижесіз іс екенін атап өткен еді: «Әрекет етіп көруге болады, бірақ бізбен бәсекелесу мүлде мүмкін емес».
Sam Altman – founder of OpenAI and ChatGPT – is in India and VCs are asking some tough questions to him
— Amitabh Verma (@amitabh26) June 8, 2023
Алайда Альтманның пікірін DeepSeek-тің серпілісі жоққа шығарды, әрі ол Қытайдың жасанды интеллектісі туралы: «Бұл бағасына шаққандағы мүмкіндіктері тұрғысынан алғанда өте ұтымды үлгі» деп мойындауға мәжбүр болды.
«Қытайда жасалған» бұл ЖИ дамушы елдер арасында зор қызығушылық тудырып, Қытайға Ғаламдық Оңтүстік үшін басты технологиялық серіктес ретінде орнығуға жол аша отырып, аз дамыған аймақтардағы ЖИ алшақтығын қысқарту жөніндегі нарративті алға тартып отыр.
Сонымен қатар Цифрлық Жібек жолы секілді бастамалар мен Жаһандық ЖИ ынтымақтастығы ұйымын құру ұсынысы аясында ЖИ-ді сыртқы саясат құралы ретінде стратегиялық пайдалану Қытайдың пайдасына өңірлік күш тепе-теңдігін айтарлықтай қайта қалыптастыруы мүмкін.
DeepSeek R1-дің ашық бастапқы коды әзірлеушілерге оны жүктеп алып, өңдеп, жергілікті жағдайға бейімдеуге мүмкіндік береді. Бұл модельді суахили (Swahili), хауса (Hausa) немесе амхар (Amharic) тіліне, не болмаса әр өңірдің өзіндік экономикалық ерекшеліктеріне бейімдеуге болады.
Мәселен, Индонезия үкіметі DeepSeek-тің жергілікті үлгісін әзірлеп, оны мемлекеттік әрі жекеменшік секторда қолдануды жоспарлап отыр.
Бұл байланыстар тек технологиялық дамуға ғана емес, сонымен қатар геосаяси үйлесімге де жол ашады.
Кейбір сарапшылардың пікірінше, Африка мен Азиядағы қытайлық технологияға, стандарттарға және деректер ағынына тәуелділіктің артуы билік тепе-теңдігін АҚШ пен Еуропадан алыстатып жібереді. Сондай-ақ бұл үрдіс БҰҰ сияқты көпжақты форумдар мен халықаралық ұйымдардағы күштердің теңгеріміне де ықпал етуі мүмкін.
Жаһандық нарративтерді қалыптастыру
Дегенмен шетелде немесе ел ішінде қолданылатын DeepSeek-тің чатбот жауаптары әрдайым Қытай Коммунистік партиясының ресми ұстанымдарымен сәйкес келеді. Бірқатар БАҚ саяси тұрғыда «сезімтал» тақырыптарға берілетін жауаптардың цензуралануы немесе өзгертілуі туралы хабарлағанымен, басты қауіп – тек ақпаратты жасыруда немесе өшіруде емес.
China Media Project (CMP) зерттеушісі Алекс Колвиллдің (Alex Colville) айтуынша, генеративті ЖИ арқылы нарративтерді қалыптастыру – қоғамдық пікірді манипуляциялаудың күрделі тетігі. CMP баяндамасында келтірілген мысалдардың бірі төмендегідей:
When asking questions about natural disasters in China, for example, the model treats Chinese government data and sources as infallible, and portrays the leadership’s response as being effective, transparent and humane. Meanwhile, dissenting voices are either minimized, omitted entirely, or explained away as “biased” or lacking understanding.
Мәселен, Қытайдағы табиғи апаттар туралы сұрақ қойылғанда, модель мемлекеттік деректер мен ақпарат көздерін мінсіз деп қабылдайды және билік әрекеттерін тиімді, ашық әрі адами қадамдар ретінде сипаттайды. Ал келіспейтін пікірлер не мүлдем ескерілмейді, не маргинализацияланып, «біржақты» немесе «түсінігі таяз» деп түсіндіріледі.
Басқаша айтқанда, DeepSeek-тің ірі тілдік моделі (LLM) Бейжіңнің саяси нарративтерін тарату арнасына айналып, адам құқықтары, Тайвань, экономикалық даму немесе жаһандық саудадағы Қытайдың рөлі сияқты сезімтал мәселелерге қатысты дискурстарды қалыптастыра алады.
Ең қауіптісі, бұл саяси нарративтер LLM-ді бейімдеу арқылы басқа елдерге де экспортталуы мүмкін. CMP зерттеушісі ескерткендей:
But if even cutting-edge tech companies in developed nations, for all their resources and funds, are struggling to train propaganda out of DeepSeek, what hope do start-ups in the Global South have?
Егер дамыған мемлекеттердің озық технологиялық компаниялары барлық ресурсы мен қаржысын жұмылдырса да, DeepSeek-тен насихатты сылып тастауға қиналып жатса, онда Ғаламдық Оңтүстіктегі стартаптардан не күтуге болады?
DeepSeek Австралия, Оңтүстік Корея және Тайвань сияқты елдерде алаңдаушылық туғызып отыр. Бұл мемлекеттер қауіпсіздік қатерлерін және пайдаланушылардың жеке деректерін DeepSeek қалай өңдейтініне қатысты ашықтықтың жоқтығын алға тартып, оны мемлекеттік құрылғыларда қолдануға тыйым салды.
DeepSeek аясынан тыс: Қытайдың жасанды интеллект арқылы жүргізілетін үгіт-насихаты
Бірқатар зерттеулер Қытайдың DeepSeek және басқа да жасанды интеллект технологияларын пайдаланып, дипфейктер мен бұрмаланған контент жасау арқылы үгіт-насихат жүргізіп, қоғамдық пікірге ықпал етіп, басқа елдерде алауыздық туғызғанын көрсетті.
Вандербильт (Vanderbilt University) университетінің сарапшылары Бретт Голдстейн мен Бретт Бенсон (Brett Goldstein & Brett Benson) Қытайдың AI-негізделген Golaxy компаниясын мысалға келтіреді. Зерттеушілердің айтуынша, бұл компания қоғамдық пікірді бақылап қана қоймай, қытайлық және батыстық әлеуметтік желілерден ауқымды деректер жинап, «адамға ұқсас бот желілерін» құрумен және «психологиялық профильдеумен» айналысады.
Компания бұл айыптауларды жоққа шығарғанымен, сарапшылар New York Times-қа жазған мақаласында ескерту жасады:
A.I.-driven propaganda is no longer a hypothetical future threat. It is operational, sophisticated and already reshaping how public opinion can be manipulated on a large scale.
ЖИ арқылы жүргізілетін насихат енді болашақтағы болжамды қауіп емес. Ол қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр, күрделене түсіп, қоғамдық пікірді жаппай манипуляциялау тәсілін түбегейлі өзгертуде.
Жарияланған құпия құжаттарда компанияның 2020 жылы Гонконгте ұлттық қауіпсіздік заңы қабылданған кезде белсенді әрекет еткені көрсетілген. Олар 180 мың жергілікті Twitter аккаунтынан мыңдаған қатысушы мен пікір көшбасшыларын анықтап, бот-желілер арқылы «өтірік пен қате түсініктерге қарсы күрескен». Ұқсас операция 2024 жылғы Тайваньдағы жалпы сайлау кезінде де байқалды.
Зерттеушілердің түсіндіруінше, ЖИ пайдаланушы деректерін жинап, кең ауқымды үлгілерді зерттеу арқылы қоғамның әртүрлі топтарына ықпал етуге хабарламалар жасай алады:
By extracting user data and studying broader patterns, A.I. can build synthetic messaging designed to appeal to a wide spectrum of the public. It can adapt to a user’s tone, values, habits and interests, according to the documents. Then it can mimic real users by liking posts, leaving comments and pushing targeted content.
Құжаттарға сәйкес, жасанды интеллект пайдаланушы деректерін жинап, кең ауқымды үлгілерді зерттеу арқылы қоғамның әртүрлі топтарына ықпал ететін синтетикалық хабарламалар құра алады. Ол қолданушының сөйлеу мәнеріне, құндылықтарына, әдеттері мен қызығушылықтарына бейімделеді. Кейін нағыз адамды еліктеп, жазбаларға лайк басып, пікір қалдырып, нысаналы контентті тарата алады.
Microsoft Threat Intelligence 2024 жылғы “Same Targets, New Playbooks” жариялаған есебі де Қытайдың Азия-Тынық мұхиты аймағында ЖИ-генерацияланған контентті пайдаланып, онлайн ықпал ету науқандарын күшейткенін растады. Есепте былай делінген:
The influence actors behind these campaigns have shown a willingness to both amplify AI-generated media that benefits their strategic narratives, as well as create their own video, memes, and audio content. Such tactics have been used in campaigns stoking divisions within the United States and exacerbating rifts in the Asia-Pacific region — including Taiwan, Japan, and South Korea.
Бұл науқандардың артында тұрған ықпал етушілер өздерінің стратегиялық нарративіне сәйкес келетін ЖИ арқылы жасалған медианы күшейтуге ғана емес, сонымен қатар өз бетінше видео, мемдер мен аудио контент жасауға да бейім. Мұндай тәсілдер АҚШ-тағы ішкі бөлінулерді өршітіп, сондай-ақ Азия-Тынық мұхиты аймағында, әсіресе Тайвань, Жапония және Оңтүстік Кореяда шиеленістерді күшейту үшін қолданылды.
Бақылау технологиясының экспорты
LLM үлгілерінен бөлек, Қытай бет-әлпетті тану сияқты өзге жасанды интеллект технологияларын да шетелге экспорттауды ілгерілетіп келеді. Мұндай бақылау технологиясының ықпалына қатысты алаңдаушылықтар бар. Мәселен, құқық профессоры Ану Брэдфорд Қытайдың цифрлық авторитаризміне арналған зерттеуінде арналған зерттеуінде Қытай үкіметі цифрлық технологиялар мен инфрақұрылымды экспорттау арқылы өзінің реттеуші стандарттары мен бақылау тәжірибелерін бүкіл әлемге таратады деп ескертті:
Many receiving countries have welcomed Chinese technologies and accompanying regulatory standards as a path toward digital sovereignty and development. For authoritarian governments, an additional motivation has been to gain access to surveillance technologies that they eagerly use toward illiberal ends.
Көптеген қабылдаушы елдер Қытайдың технологияларын және онымен бірге жүретін реттеуші стандарттарын цифрлық егемендік пен даму жолы ретінде қабылдады. Ал авторитарлық үкіметтер үшін қосымша ынталандыру – либералдық емес мақсаттарда қолдануға болатын бақылау технологияларына қол жеткізу болып табылады.
Саясаттанушы Шина Честнат Гретенстің пікірінше, дамушы елдер үшін Қытайдың арзан бақылау технологиялары қылмыспен күрес сияқты көптеген мәселелерді шешуге көмектесуі мүмкін, бірақ оның демократиялық институттарға, азаматтық еркіндіктерге және жаһандық күш тепе-теңдігіне әсерін зерттеу әлі қажет.
Бейжің Ғаламдық Оңтүстік үшін басты технологиялық серіктес ретінде өзін ұсынуда. Ол DeepSeek R1 секілді арзан әрі икемді жүйелерді ұсынып, цифрлық әлеуетті ғана емес, сонымен бірге саяси үйлесімді де қалыптастыруда. Осылайша Қытай өзін жаһандық ЖИ басқаруының жетекшісі ретінде көрсетуге ұмтылып отыр.
Қазіргі уақытта АҚШ жасанды интеллектіні реттеу саласында Қытаймен жарысуда, бұл ең алдымен өзінің жаһандық экономикалық мүдделерін қорғауға бағытталған. Ал азаматтық қоғам тарапынан ЖИ-ді реттеудің адам құқықтарына негізделген жүйесін құру жөніндегі үндеулер елеусіз қалып отыр. Тиісті шаралар қабылданбаған жағдайда, бақылау мен үгіт-насихат мақсатында ЖИ технологиясын бүкіл әлемде қалыпты құбылысқа айналдыру қаупі бар.







