Біз сөз бостандығына, сөйлеу және тыңдау құқығына сенеміз. Пікір білдіру құралдардың қол жетімді екендігіне сенеміз.
Осы мақсатта сөз айтқысы келетіндердің бәріне сөйлеу мүмкіндігін, ал тыңдағысы келетіндердің бәріне тыңдау мүмкіндігін беруге тырысамыз.
Жаңа технологиялардың арқасында сөз, ой және байланыс бостандығын баспа және тарату құралдарың басқарушылары мен үкіметтер басқаруы шарт емес. Енді әркімнің баспасөз күшін өз қолына алуға шамасы бар. Әр адам өз өмір хикаясын бүкіл әлемге айта алады.
Біз бір-бірімізді жақсырақ түсіну мақсатында біз адамдарды бөліп тұратын құздардың үстінен көпір саламыз. Бұдан да тиімді жұмыс істеп, күш-жігермен әрекет етуге тырысамыз.
Біз тікелей байланыс күшіне сенеміз. Әлемнің түпкір-түкпіріндегі тұлғалар арасындағы мықты жеке және саяси байланыстарына сенеміз. Шекараларға мән бермейтін диалог осы ғаламдағы барлық адамдар үшін азат, әділетті, толысқан және тұрақты болашақ құру үшін қажет деп санаймыз.
Біз жұмыс істеп, жеке көзқарастарымызды айтуды жалғастыра отырып, ортақ мүдделеріміз бен мақсаттарымызды анықтауға және оларды алға жылжытуға тырысамыз. Бір-бірімізді құрметтеуге, көмектесуге, үйретуге, үйренуге және тыңдауға міндеттіміз.
Біздің атымыз – Global Voices.