
Қытай елінің 4 иероглифпен бейнеленген картадағы көрінісі: 武汉 肺炎 «Ухань пневмониясын» білдіреді. COVID-2019 атауына дейін осы жазба қолданған болатын. Сурет рұқсат бойынша қолданылған.
Теңіз өнімдері дүкенінде бастау алған мәселе жергілікті денсаулық сақтау басшылығының қарамағында болғанымен, кейін Қытай мемлекетінің үлкен ұлттық мәселесіне айналып үлгерді. 2019 жылдың желтоқсан айында Ухань қаласында алғаш рет коронавирус дерегі тіркелген соң, тізбек бойынша деректер санының артуы Қытай қоғамын дүр сілкіндірсе, Бейжіңнің саяси тұрақтылығына [ағылш] қауіп әкелген болатын.
Ақпаратты бақылау ісін қатаң бақылауда ұстайтын Қытайдың жергілікті және орталық үкіметі өте маңызды мәліметтерді бірнеше апта бойы хабарламады [ағылш]. Қаңтар айының соңында үкімет кенеттен эпидемияның тез таралуына қарсы міндетті іс-шараларды жариялағанымен, тым кеш болды, себебі Қытай күнтізбесі бойынша Жаңа Жыл [ағылш] басталған еді.
Ғалымдар мен дәрігерлер белгісіз Ухань қаласында тіркелген СOVID-2019 [ағылш] өкпе мен тыныс жолдарын зақымдап, пневмонияға әкелетін коронавирустың пайда болу себептерін әлі де зерттеп, талдауда [ағылш]. Мүмкін болатын бір теорияға сүйенсек, қытайлықтардың сүйіп жейтін, Уханьдағы Хуанань теңіз өнімдер дүкенінде [ағылш] деликатес ретінде сатылатын жыландар мен жарқанаттар вирустың тасымалдашылары [ағылш] ретінде саналады.
Вирустың таралу жолын зерттеуде, өзекті сұрақтар туындайды: ол адамнан адамға жұға ала ма және бір науқас қанша адамға жұқтыра алады. Соңғы уақытта жарияланған медициналық дәлелдеме бойынша бір адамнан екінші адамға жұғу дерегі расталған, дегенмен, бұл процесс науқас белгілі бір симптомдарды сезбес бұрын [ағылш] орын алуы вирусты ерте анықтауда орасан зор қиындықтар туғызады.
Эпидемиологтар жұғу жылдамдығын “негізгі репродуктивті сан” [ағылш] деп атайды және қаңтар айының соңында бұл көрсеткіш 2-3-ті құрады [ағылш]. Бұл дегеніміз бір науқас 2-3 адамды жұқтырады, бірақ бұл көрсеткіштер әлі де талқылануда және мәлімет жарияланғанша тиісті зерттеулерді қажет етеді.
Күн сайын жұқтырғандар санының өсуіне байланысты, 60 миллион халқы бар астанасы Ухань болатын Қытайдың Хубэй провинциясында денсаулық сақтау басқармасында дағдарыс [ағылш] басталды. Вирус деректері бүкіл Қытайда тіркелгендіктен барлық медицина қызметкерлері қатаң түрде дайындықтарды өтуде. Бұл көмек өз кезегінде мұнша үлкен және қарт адамдары көп халыққа кейде жетіспей жатады [ағылш].
Алайда Уханьдағы коронавирус – бұл денсаулық саласындағы дағдарыс емес, сонымен қатар шындықтың маңызды саяси тұсы. Бастапқыда ойын соңына дейін еш уайымдамауды сұраған басшылық тек қана Хубэй тұрғындарының емес, барша қоғамның сенімін түптеп келгенде ақтай алмады. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымынан (ДДСҰ) шын ақпаратты жасырып [ағылш], 2002-2003 жылдары атипиялық пневмония [орыс] дағдарысымен дұрыс күреспеген Пекин елшілігі де сынға ұшырады. Қытай басшысы Си Цзиньпин жақында басталған індет жайлы тіс жармады. Дегенмен бірінші науқас тіркелген соң, 1 ай өткен соң ғана, 20 қаңтарда мәселенің өзектілігін қоғам алдында жариялады [ағылш]. Ақпаратты сақтау әлі де қатаң түрде қадағалануда және Қытай АҚШ елімен сауда соғысын және экономикалық құлдырауды бастап кешіріп отырғандықтан, Қытай саяси қоғамдастығы Уханьдағы коронавирусқа байланысты туындаған дағдарысты реттеумен 2020 жылы айналысатын болады.
Осы бетті толықтыру жұмыстарына байланысты келесі мақалалармен танысыңыз:
Қытайдың қоғамдық медиа платформалары СOVID-19 жайлы ақпаратты қалай бақылауда?[орыс]
Қытай шенеуніктері Қытай билік өкілетінің СOVID-19 геном реттілігін 14 күн бойы жасырғанын жариялады [ағылш]
Қытай цензура өкілдері медианың жойылуына мүмкіндік бере алатынын көрсетті [орыс]
Коронавирус эпидемиясы Қытайдың ‘Чернобыль апаты’ ма? [орыс]
Жартылай-карантин: Гонконгта коронавирус пандемиясында өмір сүру [ағылш]
Ухань қоғамының коронавирусқа қатысты наразылығы Қытайды айыптауға әкелді [ағылш]
Коронавирус жайлы ақпаратты әшкерелеген Ли Вэньлянның өлімі Қытай қоғамдық медиасын дүр сілкіндірді [орыс]
Уханьдағы коронавирус деректер санының сайысы [орыс]
Чэн Цюши: Уханьдағы коронавирус эпидемиясының алдыңғы шебіндегі қоғамдық журналист [ағылш]
Үкіметтің коронавирусқа қарсы әрекетінің Гонконг тұрғындарын ашуландырған 7 себебі [орыс]
Уханьдағы локдаунда қалған Пакистан студенттері көмек сұрайды [ағылш]
Уханьдағы коронавирус Тайвань үшін де дипломатиялық соғыс [орыс]
Уханьдағы коронавирус Қытай үшін экономикалық апат ретінде саналады [ағылш]
Қытай қаласының тұрғындары оқшаулау кезіндегі жан-айқайы:“Бейжің Уханьнан теріс айналды” [ағылш]